RU

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қанша уақытта жасалып бітуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінде әлем елдері, соның ішінде Қазақстан да коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина жасауға кірісіп кетті. Бұл туралы ақпан айында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлаған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жасалатын мерзім аталды

Көрнекі фото: NUR.KZ

24 наурызда Франция алғашқы тесттердің сәтті болғанын хабарлады. Бақылау тобы бес адамнан құралған. Аралас әдіс көмегімен жасалған екі препараттың әсерінен бес күн өткен соң оларда сауығу белгілері байқалған.

Ал Қазақстанда вакцина жасауға бір жыл уақыт кетуі мүмкін. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты оқу орталығының директоры Хайрулла Әбеуов мәлім еткен деп жазады Tengrinews.kz.

Сарапшының айтуынша, препаратты еріктілерге енгізу арқылы тексереді. Ал дәрілік затты кезең-кезеңмен жасайтындықтан оған керекті қаражат аса ірі сомада болуы мүмкін. Мәселен, Батыс елдерінде мұндай жобаларға 400 млн еуро (196 млрд теңге) салады. Әбеуовтың сөзінше бұл клиникалық қаржыландыруды қоспағандағы ақша. Алайда ол бағасы емес, нәтижесі маңызды деп есептейді.

Қазіргі уақытта еліміздің Білім және ғылым министрлігі SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина жасауға қаражат бөлу үшін басқа да мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуде. Осы салада мамандандырылған мекемелер ғылыми зерттеулермен елорда және Жамбыл облысында айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет сынақтан өткізгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қанша уақытта жасалып бітуі мүмкін
Mailfire view pixel