RU

Коронавирус: Алматыда жаңа тіркелген науқастар жайлы тың дерек пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы денсаулық сақтау басқармасы қалада жаңа тіркелген науқастар жайлы ақпарат ұсынды. Бүгінде оңтүстік астанада коронавирус инфекциясын жұқтырған 48 адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Алматыда бүгінде коронавирус жұқтырған 48 адам тіркелді. Қалалық инфекциялық стационарларда 47 науқас жатыр, 1 адам жазылып шықты.
Жаңа анықталған науқастардың төртеуі 26 наурыз күні Минскі-Алматы рейсімен, екеуі Мәскеу-Алматы рейсімен келген", - дейді Әбілдаев.

Оның сөзінше, коронавирус жұқтырғандардың бірі Стамбул-Алматы рейсімен 15 наурыз күні келген, 18 наурызда науқаспен байланысқан азамат ретінде оқшауланған. Оның алғашқы сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен. Алайда, 26 наурыз күні қайта тапсырған анализ қорытындысы азаматтың коронавирус жұқтырғанын растаған. Ол осы уақыт аралығында оқшауланған.

"Жалпы алғанда 45 науқастың жағдай қанағаттанарлық, өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан келіншектің жағдайы ауыр және 1 жасар баланың жағдайы орташа деңгейде ауыр, қазір жақсарып келеді.
Айта кетейік, кеше бір әйел адам ауруханадан шықты. Ол енді 14 күн үйде аурухана қызметкерлерінің бақылауында болады.
Қазір провизорлық орталықтарда 1099 адам бар, олардың 72-сі бала. Карантин орталықтарында 471, үй карантинінде 2037 адам жатыр. Карантинде жатқандардың барлығында дене қызу нормаға сай, қабыну белгілері жоқ", - деді Әбілдаев.

Енді кез келген азамат қай елден келгеніне қарамастан, анализ тапсыру үшін екі апталық карантинге жатқызылады. Мұндай шаралар халық арасында коронавирус инфекциясының тарауын болдырмау үшін жасалып отыр. Шетелден келген азаматтардан COVID-19 инфекциясына тест алынады. Егер виркс расталмаса, жолаушы үйіне жіберіледі.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Алматыда жаңа тіркелген науқастар жайлы тың дерек пайда болды
Mailfire view pixel