RU

Коронавирустан көз жұмған әйел адаммен байланыста болған 6 адам Алматыдан табылды

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустан қайтыс болған әйел адаммен байланыс жасаған адамдардың анықталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирустан қаза тапқан әйелмен байланыста болғандар табылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Коронавируcтан қайтыс болған тұрғынның 13 және 17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында болғаны белгілі болды.

Онлайн-брифингте Әбілдаевқа мегаполисте марқұммен байланыста болған тұлғалар анықталды ма деген сұрақ қойылды.

"Вирус жұқтырған әйел адаммен жақын байланыста болған 6 адам бүгін Алматы қаласы бойынша табылды. Олардың барлығы қаланың провизорлық госпитальдарында тексеріс үшін оқшауланған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 124-ке жеткен.

Олардың үшеуі Атырау облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847464-koronavirustan-kz-zmgan-jel-adammen-bajlanysta-bolgan-6-adam-almatydan-tabyldy.html