Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ер балаларға тиісті деп айыпталған бұрынғы лагерь тәлімгері 10 жылға сотталды

Опубликовано:

Ақтөбедегі лагерлердің бірінің 22 жастағы бұрынғы тәлімгері 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесінде өтейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде ер балаларға азғындық жасады деп айыпталған лагерь тәлімгері 10 жылға сотталды
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

26 наурызда Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 124-бабы 3 бөлігімен айыпталған бұрынғы тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қаралған.

"Сот тергеу кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 124-бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бастандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ" ,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұрынғы тәлімгерге педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Ал сот үкімімен келіспеген сотталушының туыстары жан ұшыра айқайлап, жылап көмек сұрады.

"Бірге оқыған группаласымын. Біз сот үкімімен келіспейміз. Оның мұндай әрекеткетке баруы мүмкін емес. Оған айып тағатын ешқандай дәлел жоқ. Ол өз күнін өзі көріп жүрген бала. Анасы қайтқан соң нағашыларының қолында тұратын. Елордада жатақханада бірге тұрдық. Оғаш қылығын көрген жоқпыз", - дейді сотталушының группаласы.

Елордадан арнайы келген сотталушының группаластары мен туыстары сот ғимаратының алдыннан ұзақ уақыт кете алмай, көз жастарына ерік берді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ақтөбеде лагерь тәлімгерінің ер балаларға тиісті деген күдікке ілінгені хабарланған.

Алғашында жеті адам оның үстінен арыз жазғанымен, кейін бірнешеуі шағымдарын қайтып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847468-aktbede-er-balalarga-tiisti-dep-ajyptalgan-bryngy-lager-tlimgeri-10-zylga-sottaldy/

pixel