Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қызылорда облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Опубликовано:

27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Әзірге бұл мәлімет ресми түрде расталып не жоққа шығарылған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

қызылорда
Қуанышбек Ысқақов. Фото: assembly.kz: UGC

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып жазуынша, жемқорлықпен күресушілер әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ өңір басшысына туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстаған.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басылымға қазіргі уақытта бұл туралы ақпарат жоқ екенін айтқан. Сол себепті олар аталмыш деректі не растап, не жоққа шығара алмайды. Қызылорда облысындағы өңірлік департамент те ресми деректер жоқ екенін хабарлаған.

Сонымен бірге жергілікті атқарушы орган Tengrinews.kz порталына Қуанышбек Ысқақовтың 26 наурызда жұмыста болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта әкімдік қашықтықтан жұмыс істеп жатқандықтан, бүгінгі жағдайға қатысты нақты жауап бере алмайды. Ведомство құзырлы органдарға жүгінуге кеңес берген.

Біздің портал тілшісіне жауап берген әкімдіктегілер қазіргі таңда ешқандай ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы пікір алу үшін республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну керектігін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқанымызда олар әзірге ешқандай ақпарат жоқ екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының қызметін уақытша атқарушы шенеунік ұсталғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1847470-zelide-kyzylorda-oblysy-kimini-stalgany-turaly-akparat-tarady/

pixel