RU

30 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев баяндады. 

Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.

Толық тізім қала әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 124-ке жеткен.

Олардың үшеуі Атырау облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847471-30-nauryzdan-bastap-nr-sltan-men-almatyda-ksiporyndar-men-jymdardy-zmysy-toktajdy.html