RU

Коронавирус: Көз жұмған әйелмен байланыста болған 9 жамбылдық азамат анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясынан көз жұмған 64 жастағы әйелмен байланыста болған Жамбыл облысының тоғыз тұрғыны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы туралы Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлімдеді.

Онда коронавирусты инфекция диагнозымен көз жұмған Марқұм ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткендігі анықталған.

"Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған тоғыз тұлғаны анықтады. Шу ауданында – 3, Меркі ауданында – 6. Олардан коронавирустық инфекциясына талдаулар алынды. Барған орындарында эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілген", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адам Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 124-ке жеткен.

Олардың үшеуі Атырау облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Көз жұмған әйелмен байланыста болған 9 жамбылдық азамат анықталды
Mailfire view pixel