RU

Елімізде коронавирустан көз жұмған әйел Алматыға құдалыққа барған болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

26 наурызда елімізде коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелді. Марқұмның Ақмол облысы, Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Қазір дәрігерлер мен басқа да қызметкерлер әйел байланыста болған адамдар мен оның өлім жағдайын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

марқұм

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін әйелдің Алматы мен Шуға қонаққа барғаны анықталған. Енді оқиғаның және сапардың басқа да мән-жайлары белгілі болып отыр.

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Сүлен Ильясовтың марқұмның туыстарының сөзіне сүйеніп айтуынша, әйел ЖРВИ және коронвируспен ауырған науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған.

Алайда 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуға қонаққа барған. Ол 13-14 наурыз күндері оңтүстік астанадағы құдалыққа қатысқан. Отбасылық іс-шарада шамаман 40 адам болған.

Зейнеткер Алматыдан шығып, Шуға аттанған. Деректерге сәйкес, ол Меркіде болған болуы мүмкін. 17 наурызда әйел Нұр-Сұлтанға пойыз арқылы кеткен. Марқұм астанаға 18 наурызда жетіп, үйіне таксимен барған.

Сүлен Ильясовтың сөзінше, әйел 22 наурыз күні үйіне жедел жәрдем шақыртқан. Шақырту орнына келген ақ халаттылар зейнеткерден әлсіздік, ЖРВИ-дің жеңіл түрін, жеңіл сырқаттануды анықтаған. Оған кеңес беріп, ауруханаға жатызбаған.

Алайда ол 25 наурыз күні таңертең коронавирус күдігімен көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Науқасты құтқару үшін жасалған амалдардың ешбірі көмек бермепті. Зейнеткер бір тәуліктен соң көз жұмған.

Сүлен Ильясовтың сөзінше, әйелдің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растайтын нәтиже оның өлімінен соң келген.

Аурухананың 23 қызметкері әйелмен байланыста болған. Олардың бәрі оқшауланып, тексеруден өтуде. Сол кезде емеу мекемесінде 149 науқас болған, алайда олар инфекция жұқтырған адаммен байланыста болмаған. Қазіргі уақытта аурухана карантинге жабылды.

Ал марқұм тұрған жеке үй бүгін, жерлеу рәсімінен соң залалсыздандырылады.

Зейнеткер күйеуі, қызының отбасы және немерелерімен бірге тұрған. Дезинфекция жұмыстарын Нұр-Сұлтанның Ұлттық сараптама орталығы жүргізеді.

Қазір марқұммен байланыста болған барлық адамдар, жақын туыстары анықталып жатыр. Табылғандарын оқшаулап, сынамалар алынған. Эпидемияға қарсы тиісті шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ транспорттық қызмет те пойыз жолаушыларын анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, коронавирустан көз жұмған әйел адаммен байланыста болған 6 адам Алматыдан табылғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирустан көз жұмған әйел Алматыға құдалыққа барған болып шықты
Mailfire view pixel