Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйкеден кетті": Асхат Садырбай шарасыздықтан ашынған италиялық әкімдер туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай Италияда көшеде жүрген азаматтарды өздері қуып жүрген қала басшыларына қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі ашуға булыққан әкімдерді түсінуге болады деп есептейді. Оның ойынша, шенеуніктер бұл әрекеттерге шарасыздықтан және халықтың пандемияға немқұрайлы қарауынан барғанын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay/видеодан кадр Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/askhatsadyrbay/видеодан кадр Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Асхат Садырбай әлеуметтік желілерде кең тарап кеткен италиялық әкімдердің ашулы күйі туралы ойын ортаға салды. Ол Instagram желісінде коронавирус салдарынан сегіз мыңнан астам азаматынан айырылған халық жайлы жазба жариялады.

"Жалпы италиялықтардың эмоциясы өзге ұлттарға қарағанда өте жоғары. Қуанғанда да, қайғырғанда да эмоцияға тым қатты беріледі. Әдейі емес, болмыстары сондай. Өмірге деген махаббаттары ерекше, сұлулық пен әдемілікке жандары өте құмар. Бір байқағаным олар интернетте көп уақыт отырмайды. Дәстүрлі кездесулерді жақсы көреді. Ешқайда асықпайды, сағаттап әңгімелесіп отыра береді. Теңіз өнімдерін, паста жеп, аздап шарап ішіп қойып көңілді жүруге тырысады.

Ал, бұл күндері ол елдердегі жағдай мүлдем басқа. Қиын. Жаңа Италия қалаларының мэрлерінің халыққа үндеулерін көріп шықтым. Оқушыларға ұрысатын ағайлар сияқты кәдімгідей ұрысып ескертіп жатыр. Бір жағынан ол мэрлерді түсінуге болады. Халық бейғам, онша-мұншаға тез реакция бермеген, ештеңе етпес деп қойып жүре берген, ақпарат құралдарына жаңағыдай құлақ аспаған.

Нәтижесінде, Италия вирус кең таралған А санаттағы мемлекеттердің ең жоғарғы сатысынан бір ақ шықты. Жаңа Туриндегі танысымның жазбасынан оқып қалдым, бүгінде ол жақта ауруханаға түсіп жатқандардың саны әдеттегіден он есеге артқан. Бәрінің жүйке жүйесі кетіп жатқан көрінеді. Уайымдамай қайтеді, күн сайын ол жақта аты жаман вирустан жүздеп адам өліп жатыр. Оның үстіне өте қатаң карантин. Үйден шығуға ешкімге рұқсат жоқ.

Италия және басқа да елдер қазір экономика және басқа да мәселелерді бір шетке ысырып қойып ұлтты аман алып қалу үшін барынша күресуде. Бұдан өзге елдер де, біз де сабақ алуымыз керек. Әрекетсіздік пен немқұрайлық өте қауіпті. Эмоцияға қатты беріліп, сары уайым мен паника да қажет емес. Сақтық пен сабырлық қажет. Үйден шықпаңыздаршы, өтініш. Қазақстанның қай қаласынан болсаңыз да! Италиялықтарға және басқа да елдерге амандық тілейміз! Науқастар жазылып кетсін. Мынау вирустың аты өшіп, әлемде тезірек тыныштық орнаса екен" , - деп жазды журналсит.⠀

Айта кетейік, Италияда қала басшылары көшеде жүргендерді өздері қуа бастаған болатын. Шенеуніктер ашынып, тұрғындарға видео үндеу жасап, оларды ТЖ талаптарын сақтауын ескертті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1847500-zjkeden-ketti-ashat-sadyrbaj-sarasyzdyktan-asyngan-italialyk-kimder-turaly-ajtty/

pixel