RU

Атырау облысындағы коронавирус жұқтырған науқастар туралы деректер шықты

Бүгін Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирустық инфекция табылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте пациенттердің жағдайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

атырау
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, коронавирус табылған бірінші науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтаннан Алматыға келген. 26 наурызда ЖРВИ белгілеріне байланысты тиісті сараптамалар жасалып, нәтижесінде инфекция анықталған.

Екінші пациент 17 наурызда Стамбулдан Алматыға ұшып келген, артынша Атырауға барған. Ол коронавирус жұқтырған Нұр-Сұлтан тұрғынымен бірге ұшып келгендіктен, одан да анализ алынған. Тест оң нәтиже көрсеткен.

Ал үшінші науқас кеше Амстердамнан келген. Рейстің барлық жолаушылары карантинге жатқызылып, олардан анализ алынған.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық. Олармен байланыста болғандардың барлығы анықталып, оқшаулануда.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 12:00-де Атырау облысында үш адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды.

Соңғы деректер бойынша, елімізде инфекция жұқтырған 125 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847504-atyrau-oblysyndagy-koronavirus-zktyrgan-naukastar-turaly-derekter-sykty.html