Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KAZ.NUR.KZ аудиториясы туралы не білуіңіз керек

Опубликовано:

Біз оқырмандарға сайттың қазақ тіліндегі нұсқасының ерекшеліктері туралы айтуды жөн көрдік. KAZ.NUR.KZ - көбісіңіз ойлатындай NUR.KZ-тің көшірмесі емес.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

KAZ.NUR.KZ – NUR.KZ IT-компаниясының қазақ тіліндегі ең ірі жаңалықтар сайты.

KAZ.NUR.KZ аудиториясы - айына 2,5 миллион оқырманды қамтиды. Қазақ редакциясы күн сайын 70-тен астам материал шығарады.

KAZ.NUR.KZ - бұл NUR.KZ-тен аудиториясы бөлек сайт.

Егер біз оқырмандарымызды жас ерекшеліктері бойынша бөлетін болсақ, аудиторияның 28 пайызы - 25 пен 34 жас аралығындағы пайдаланушыларды құрайды.

Ал 35 жастан 44 жасқа дейінгі интернет қолданушылары төрт пайызға жоғары.

Бір қызығы, жыл басынан бері сайттың аудиториясында жастар жағы өсті (18-24).

Бұл қазақ тіліндегі контенттің танымал бола бастағанының айқын көрінісі болып табылады. Ал жастар елде болып жатқан оқиғаларға белсенді қызығушылық таныта бастаған.

Қызықты факт: KAZ.NUR.KZ аудиториясының 65% - әйелдер, 35% - ер адамдар.

Елімізде KAZ.NUR.KZ жаңалықтарын алматылықтар көп оқиды. Содан кейінгі орындарда Шымкент, Атырау, Нұр-Сұлтан тұрғындары тұр. Ал үздік бестікті Ақтөбенің оқырмандары қорытындылайды.

KAZ.NUR.KZ аудиториясы
KAZ.NUR.KZ аудиториясы: Instagram

Бас кеңседегі және аймақтардағы KAZ.NUR.KZ тілшілері елдің әр түкпіріндегі адамдар мен оқиғалар туралы эксклюзивті материалдар жасайды. Ал NUR.KZ сайтында бұндай контент жоқ.

Мысалы, ақпан айында KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысында жалдамалы үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы туралы жазды.

Материал жарияланғаннан кейін жергілікті кәсіпкерлер аталған жаұяға 6 бөлмелі үй сыйлады.

Өткен жылы желтоқсан айының соңында Ақтөбедегі меншікті тілшіміз қажылыққа велосипедпен сапарға шыққан ер адам туралы жазды. Дәулет Тәжікенов 67 күнде 6 мың шақырымнан астам жол жүріп, 3 наурызда Меккеге аман-есен жетті.

Әлеуметтік тақырыптардан бөлек, біздің оқырмандарымызды Қазақстанның шоу-бизнесі қызықтырады.

Жақында жарық көріп, Казнетте үлкен пікір-талас тудырған қазақстандық әнші Марат Омаровтың ұлы Азаматтың некесіз баласы туралы жаңалықтар топтамасы KAZ.NUR.KZ-тегі айдың ең көп оқылған жаңалықтарының бірі болды.

Отметим, что более 703 тысяч пользователей подписаны на аккаунты казахской редакции в социальных сетях «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram» и «Telegram».

Айта кетейік, қазақ редакциясының «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желісіндегі парақшаларына 703 мыңнан астам оқырған тіркелген.

Қазақ тіліндегі жаңалықтардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларға жазылыңыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1847505-kaznurkz-auditoriasy-turaly-ne-biluiiz-kerek/

pixel