Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус ошағына айналған орындар саны 24-ке жетті

Опубликовано:

Алматыда коронавирус ошағына айналған орындар саны көбеюде. Күні кеше вирус жайлаған болуы мүмкін 20 орын анықталса, бүгін бұл көрсеткіш 24-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус ошағына айналған орындар 24-ке жетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Коронавирус ошағына айналған орындар жайлы мегаполис әкімдігі хабарлады. Тауарлар және қызметтің сапасын бақылау комитеті қалалық департаментінің дерегінше, бүгінде Алматыда тұрғындар үшін қауіпті деп танылған 24 орын табылған. Мұнда коронавирустық инфекция жұқтыру деректері анықталған.

Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы:

  • Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;
  • Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы:

  • Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234;
  • Ақкент ықшамауданы, 7;
  • Ақбұлақ ықшамауданы, 9- да орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ:

  • Желтоқсан көшесі, 125;
  • Жароков көшесі, 16;
  • Жароков көшесі, 7;
  • Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ:

  • Достық көшесі, 162;
  • Гоголь көшесі, 75;
  • Қонаев көшесі, 62;
  • Самал-3 ықшамауданы, 5 мекенжайы бар.

Жетісу ауданында 2 ошақ бар:

  • Еңлікгүл, 34а,
  • Волочаевская көшесі, 51 мекенжайларында тіркелді.

Түрксіб ауданында 7 ошақ:

  • Алтай-1 ықшамауданы, 8;
  • «Жас қанат» ықшамауданы, 86;
  • Майлин көшесі, 77;
  • Спасская көшесі, 63;
  • Жұлдыз ықшамауданы, 45;
  • Папанина көшесі, 145 а;
  • Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан.

Бостандық ауданында 1 ошақ:

  • Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында орналасқан.

Наурызбай ауданында бүгін жаңа ошақ тіркелді.

  • Ол -Ақжар ауылы, Береке көшесі, 1/97.

Қала әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын бұзбауға шақырды. Мегаполис билігі адам көп шоғырланған жерлерге бармай, қол тазалығына баса мән беру керектігін айтты.

Одан бөлек, үйде қалып, туыстармен қарым-қатынасты шектеуге кеңес берді.

Еске сала кетсек, ел аумағында соңғы деректер бойынша, 125 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847517-almatyda-koronavirus-osagyna-ajnalgan-oryndar-sany-24-ke-zetti/

pixel