Выйти
RU

Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биолог маман қауіпті індеттен өлім-жітім қандай жағдайда азаятынын айтты. Маманның пікірінше, ауруды мейлінше көп адам жұқтыруы керек, содан кейін ауру азая бастайтын көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты

Фото: pixabay.com

Биология ғылымдарының докторы, GMU Жүйелі биология мектебінің (АҚШ) профессоры Анча Баранова аурудың таралуы бәсеңдету үшін жаңа вирусты мүмкіндігінше көп адам жұқтыруы керек екенін айтты.

Маманның айтуынша, алдымен індет жұқтырғандардың саны ең жоғарғы көрсеткішке жетуі керек, содан соң ол шамамен 10 күнге созылатын үстіртке түседі, кейін жұқтырғандар саны біртіндеп азая бастайды. Бірақ ол үшін карантин шарттарын сақтау қажет.

Профессор АҚШ-та вирус жұқтырғандардың саны тіпті шыңға жетпей жатып, Италияда үстірт кезеңі басталып кеткенін атап өтті.

"Қазір бізде жоғарылау кезеңі, яғни ауруға шалдыққандар саны күн сайын өсіп жатыр. Үстірт – бұл кезең індет жұқтырғандар көрсеткіші бәсеңдеген кезең. Біз біраз уақыт үстірт кезеңінде боламыз, содан кейін індет азая бастайды",– деді Анча Баранова.

Маман үстірттен кейін жаңа инфекциялардың саны күн сайын азая бастауы керек деп сендірді. Алайда, бұл жағдай карантин талаптарын сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирус инфекциясы табылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте пациенттердің жағдайы белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты