Выйти
RU

Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде себепсіз жүргендер қамауға алынуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі карантин ережелерін бұзып, үйінен себепсіз шыққан астаналықтар мен алматылықтарға қолданылатын шараларды айтып юерді. Абаевтың сөзінше, талапты орындамағандарға айыппұл салынып, тіпті қамауға алынуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде себепсіз жүргендер қамауға алынуы мүмкін

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеэфир барысында Дәурен Абаевтың айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы барлық саябақтар жабылады. Қалалықтарға көшеде қыдырып, қажеттілік болмаса үйден шығуға тыйым салынған.

Жануарларды үй маңында серуендетуге болады. Дүкен мен дәріханаға, сондай-ақ жұмысқа баруға рұқсат етілген. Алайда азаматтарда жұмыс кестесін растайтын жұмыс берушінің немесе кадрлық қызмет басшысының нөмірі болуы керек.

Көшедегі азаматтарға полиция келіп, олардың қайда бара жатқаны туралы сұрауы мүмкін. Егер үйден еш негізсіз шықса, азаматқа ескерту жасайды.

Тәртіпке бағынбағандар келесі жолы 26 500 теңге көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Полиция хаттама толтырады.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде полицияға бағынбағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Медициналық көмекке мұқтаж азаматтарға дәлелді себеп болғандықтан ауруханаға баруға рұқсат етіледі.

Еске сала кетсек, 28 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеулер күшіне енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде себепсіз жүргендер қамауға алынуы мүмкін