Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустың бірінші құрбанын қалай жерледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Целиноград ауданына қарасты Қосшы ауылында коронавирустан көз жұмған алғашқы қазақстандықты соңғы сапарына шығарып салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дезинфекциялық жұмыстар. Фотоны өңірдің бас санитарлық дәрігері ұсынды

Дезинфекциялық жұмыстар. Фотоны өңірдің бас санитарлық дәрігері ұсынды

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның хабарлауынша, марқұмды жерлеу рәсіміне тек отбасы мүшелері ғана қатысты.

Коронавирус салдарынан қайтыс болған 64 жастағы әйелмен қоштасу бүгін оның туған ауылында өткен.

"Бөтен адамдар болған жоқ. Қоштасу рәсіміне қатысқандардың барлығы маскада болды. Марқұмның денесі дезинфекциялық заттармен өңделген. Молда зират басына келді де, кетіп қалды. Қазіргі таңда, үй толығымен тазартылып өңделді. Отбасы мүшелерінің барлығы оқшауландырылып, карнтинге жіберілді. Үйді жауып, оның алдына күзетті қойып кеттік", - деді Мусина.

Оның сөзінше, марқұм жеке коттеджде күйеуімен, балалары мен немерелерімен бірге тұрған. Бір шаңырақ астында отбасының бес мүшесі мен жақын туыстары өмір сүрген. Жалпы алғанда үйде 16 адам болған.

Оған қоса, аудан мен облыс аумағында және Нұр-Сұлтанда марқұммен байланысты болған 52 адам анықталған.

Қосшы ауылында жекелеген нысандарға қатысты карантин енгізілді. Ал науқаспен байланыста болған тұрғындар жұмыстан босатылып, қажетті тексерістерден өтуде.

Еске сала кетейік, кеше елімізде коронавирус салдарынан орын алған бірінші өлім тіркелді. 64 жастағы келіншек шетелден келмеген. Алайда, ол 13 мен 17 наурыз аралығында Алматыға құдалыққа барып, артынан Шуға кеткен. Содан кейін науқас Нұр-Сұлтанға үйіне қайтып келген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустың бірінші құрбанын қалай жерледі