Выйти
RU

Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда үйден шығу ережелерін түсіндіріп берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат министрі Дәурен Абаев көшеге шығуға қатысты енгізілген жаңа ережелерді түсіндіріп берді. Айтуынша, ереже бүгін түн ортасынан бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда үйден шығу ережелерін түсіндіріп берді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Дәурен Абаевтың айтуынша, коронавирустық инфекция жұқтырғандар санының жылдам өсуіне байланысты елімізде азаматтардың қозғалуына қосымша шектеулер енгізілген. Ереже бүгін түн ортасынан бастап күшіне енеді.

Азаматтар үйде оқшаулану ережелерін қатаң сақтауы керек. Үйден тек азық-түлік пен дәрі алу үшін шығуға болады. Сондай-ақ жұмысқа баруға рұқсат етілген.

Министр 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайтынын еске салды. Бұл қатарға өңірдегі министрлік пен әкімдік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен өмірлік маңызы бар ұйымдар кірмейді. Мұндай шешімді елде КВИ таралуының алдын алу үшін құрылған мемлекеттік комиссия қабылдаған.

Көшеге шыққан азаматтар қайда баратынын полиция қызметкерлерінің сұрайтынына дайын болулары керек.

Егер адам жұмысқа бара жатып, оны полицейлер тоқтатса, онда азаматтың жұмысқа шығуын растау үшін оның қолында жұмыс берушінің немесе кадрлық бөлім қызметкерінің телефоны болуы тиіс.

Азық-түлік пен дәріні үйге жақын жерде орналасқан дәріхана мен дүкеннен алуға кеңес берілді.

Осы ретте тұрғынның расымен де азық-түлік немесе дәрі сатып алу үшін шыққанын нақтылау үшін полицейлер азаматтардың ізіне түсуге құқылы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дәурен Абаев Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде себепсіз жүргендердің қамауға алынып не болмаса оларға айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда үйден шығу ережелерін түсіндіріп берді