Выйти
RU

Дәрігерлер Павлодар облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус індеті расталған бірінші науқас жайлы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтылды. Ауру жұқтырған 32 жастағы ер адам боп шықты. Бұл туралы брифингте аймақтық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлер Павлодар облысындағы коронавирус жұқтырған алғашқы науқас жайлы айтты

Фото: pixabay.com

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сенсек, індетке шалдыққан Нұр-Сұлтаннан Павлодарға келген ер адам.

Бүгін COVID-19 жұқтыру фактісі расталды. Ол ауруды елорда тұрғынынан жұқтырған көрінеді.

Ер адам 1988 жылы туған. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығына байланысты еш шағымы жоқ, дене температурасы қалыпты деңгейде.

Сондай-ақ, науқаспен байланыста болғандар анықталып, қазіргі уақытта тексеруден өтіп жатыр. Індет расталған павлодарлық тұрғын облыс орталығында орналасқан инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирустың бірінші құрбанын қалай жерлегені жайлы жазған едік.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері тіркелді.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер Павлодар облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас жайлы айтты