Выйти
RU

Ресей президенті әкімшілігінде коронавирусқа шалдығу дерегі тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президенті әкімшілігінде коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталды. Владимир Путин науқаспен байланысқа түспеген. Вирустың ары қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдануда. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: kremlin.ru

Фото: kremlin.ru

Журналистер Песковтан аталған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұраған болатын.

"Расымен де президент әкімшілігінде коронавирус оқиғалары анықталды. Бұл шындық, енді вирустың ары қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдануда.
Президент инфекцияға шалдыққан адаммен байланысқа түспеген", – деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ Песков президентпен өтетін барлық іс-шаралардың қатысушылары алдын ала коронавирусқа тест тапсыратынын атап өтті. Айтуынша, вирустың анықталуы бұндай сақтық шараларының маңыздылығын тағы бір дәлелдеп берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде Димаш Құдайберген мен Иманғали Тасмағамбетовтың коронавирус жұқтырған Лев Лещенкомен бір кеште болғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресей президенті әкімшілігінде коронавирусқа шалдығу дерегі тіркелді