Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Үкібай Елбасының қазір немен айналысып жүргенін айтып берді

Опубликовано:

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың немен айналысып жүргенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

елбасы қазір
Фото: NUR.KZ: Original

"Бүгін мемлекет Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін батыл шаралар қабылдауда.

Осы ретте адамдар елдің болашағы үшін жауапкершілік олардың мамандардың нұсқауларын орындауымен байланысты болатындығын түсінуі керек.

Адамдардың көпшілігі өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына байыппен қарайтыны қуантады.

Елбасының жағдайды мұқият бақылап, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысынан өзекті ақпараттарды алып, маңызды саяси шешімдерді талқылауға қатысып, ел президентіне қолдау көрсетіп отырғанын атап өткім келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге қазір жергілікті халыққа көмек көрсету жұмыстарына толық кіріскен Nur Otan партиясының қызметін үйлестіріп отыр.

Сондай-ақ Тұңғыш президент бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорының жұмысы да ерекше бақылауда.

Сонымен қатар, Елбасы Әлемдік экономика және саясат институтына әлемдегі жағдайды және теріс жаһандық тенденциялардың Қазақстанға әсер ету ықтималын зерттеу бойынша сараптамалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл деректер тиісті мемлекеттік құрылымдарға да жіберіледі.

Бүгінде барлық күш халықты қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалуда. Біз гүлденген мемлекет құрған мықты халықпыз. Бірлігіміздің арқасында біз көптеген сынақтардан өттік. Бұл қиындықтарды да оңай еңсеретінімізге сенімдімін", - деді Айдос Үкібай.

Еске сала кетсек, 20 наурызда Елбасы халыққа мәлімдеме жасап, президент пен үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847565-ajdos-kibaj-elbasyny-kazir-nemen-ajnalysyp-zrgenin-ajtyp-berdi/

pixel