RU

Коронавирус індеті Маңғыстау облысына да жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Бұл жолы инфекцияға шалдыққан адам Маңғыстау облысында анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирустық инфекция табылды.

Сонымен қатар, бүгін Павлодар облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлағанбыз. Осылайша, елімізде жаңа вирусқа шалдыққандардың саны 126 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адамның Алматы мен Шу қалаларында қонақта болғаны анықталды.

Әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асқан.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847577-koronavirus-magystau-oblysyna-zetti.html