Выйти
RU

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас жазылып, ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 27 наурызда елімізде екінші болып COVID-19 дерегімен тіркелген науқас Алматы қаласындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рарарара

Көрнекі фото: PxHere

Бұл науқас 13 наурызға қараған түні Алматыға Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсімен келген адам.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Ауру жеңіл түрде өтіп, емдеу кезеңінде асқынулар болмапты.

Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның өзге өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізілетінін айтты. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, бұл үшін COVID-19 жұқтырғандардың саны бестен асуы керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас жазылып, ауруханадан шықты