Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ТЖ кезінде несие бойынша кімдерге жеңілдік беріледі

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазіргі жағдайда несие төлемдері бойынша кімдерге жеңілдік берілетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев банктер мен микронесие ұйымдарына елдегі коронавирус бойынша ТЖ режиміне байланысты несиесін уақытылы төлей алмаған азаматтарға айыппұлдар мен өсімпұлдар қосуға тыйым салған еді.

Көптеген қазақстандықтар аталған ережені түсіндіріп беруді сұраған болатын. Осыған орай Дәурен Абаев 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде қарыз алушылардың төлемдері шегерілетінін хабарлады. Алайда, ол расында да мұқтаж адамдардың ғана қарыз бойынша төлемдері тоқтатылатынын жеткізді.

Мәселен, төлемдерін шегеруге мұқтаж адамдар қатарына ТЖ режимі мен карантинге байланысты жұмысынан айырылған азаматтар кіреді.

Сондай-ақ ақысыз еңбек демалысына шыққан, жалақылары төмендеген немесе мүлде тоқтаған адамдар да бұл санатқа жатқызылады.

Бұдан бөлек, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар және халықтың әлеуметтік осал топтары қосымша құжатсыз-ақ несие төлемдері бойынша жеңілдікке ие болады.

Министрдің айтуынша, азаматтардың өздеріне ешқайда барудың керегі жоқ – аталған жеке тұлғалардың тізімі несие ұйымдарына несие бюросынан беріледі.

Сондай-ақ ол түрлі тауарлар мен қызметтердің көлемі азаюына, сатып алушылар тарапынан төлемнің кешіктірілуіне және басқа да жағдайларға байланысты қаржы жағдайы нашарлаған бизнесмендердің де аталған қолдау шараларына ие болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көшеге шығуға қатысты енгізілген жаңа ережелерді түсіндіріп берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847582-kazakstanda-tz-kezinde-nesie-bojynsa-kimderge-zeildik-beriledi/

pixel