Выйти
RU

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда SARS-CoV-2 вирусын жұқтырудың екі жаңа жағдайы бүгін, 27 наурызда тіркелген. Осылайша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 137-ге дейін өсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жедел штабтың ресми деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда COVID-19 коронавирустық инфекция 137 адамнан анықталған.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирустық инфекция табылды.

Сонымен қатар, бүгін Павлодар облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлағанбыз. Осылайша, елімізде жаңа вирусқа шалдыққандардың саны 126 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адамның Алматы мен Шу қалаларында қонақта болғаны анықталды.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды