Выйти
RU

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмған әйелдің неге ауруханаға жатқызылмағанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Қосшы ауылында коронавирустың алғашқы құрбаны болған 64 жастағы қазақстандық жерленді. Интернетте әйелдің үйінде түсірілген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: elements.envato.com

Көрнекі фото: elements.envato.com

Кадрларда ер адам жедел жәрдем шақырғанын, алайда, келген дәрігерлердің әйелді ауруханаға апармай, емханаға жүгінуге кеңес бергенін айтады.

Кейінірек дәрігерлер қайтадан шақырылған. Олар науқасты тексеріп, барлығы дұрыс екенін айтып, кетіп қалған.

Әйелді тек үшінші жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізіпті. Өлім себептерінің алғашқы нұсқасы пневмония болды.

Марқұмның ұлының сөзінше, медициналық қызметкерлер оның коронавирусқа жасаған талдауларының теріс болып шыққанын айтқан.

Әйелдің SARS-CoV-2 вирусынан қайтыс болғаны тек кешке, тесттер келгенде бір-ақ белгілі болды.

Денсаулық сақтау басқармасы журналистерге пациенттің коронавирусқа күдік туғызатын себебтердің болмағанын айтты: Ол шетелге шықпады, жұқтырғандармен байланыста болмады. Сонымен қатар, оның бірнеше созылмалы аурулары болған.

Еске сала кетейік, елімізде жаңа вирусқа шалдыққандар саны 150 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Дереккөз: КТК

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер коронавирустан көз жұмған әйелдің неге ауруханаға жатқызылмағанын айтты