Выйти
RU

Алматыда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

27 наурыздағы 23:15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес оқиғасы анықталды. Олардың барлығы Алматыда тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Осылайша, елде барлығы 150 ауру жағдайы туралы белгілі.

Қазақстанның төрт қаласында CОVID-19 табылды: Нұр-Сұлтанда – 75 оқиға, Алматыда – 55, Қарағандыда – 4, Шымкентте – 2 оқиға тіркелді.

Бұдан басқа, инфекция сегіз түрлі облыстарда да жеке тіркелді: Ақмола облысында – 3 жағдай, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, СҚО – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 жағдай.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145 адамға жеткені туралы жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адамның Алматы мен Шу қалаларында қонақта болғаны анықталды.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды