Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вирустан көз жұмған әйелмен байланыста болғандардың сынама нәтижелері шықты

Опубликовано:

Елімізде коронавирустың құрбаны болған бірінші науқаспен тікелей байланыс жасаған тағы жеті тұлға Алматы облысынан анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жедел штаб өкілдері мәлім еткендей, тексеру жүргізу нәтижесінде вирустан көз жұмған 64 жастағы әйелмен байланыста болған тағы жеті азамат анықталды.

Азаматтар оқшауланып, сынамалар алынды.

Сондай-ақ марқұммен байланыста болған төрт адамның сынамалары теріс нәтиже көрсеткені белгілі болды. Алайда, соған қарамастан олар дәрігерлердің бақылауында қала бермек.

Ал қалғандарының сынама нәтижелері кейінірек белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адамның Алматы мен Шу қалаларында қонақта болғаны анықталды.

Кейіннен дәрігерлер коронавирустан көз жұмған әйелдің неге бірден ауруханаға жатқызылмағанын айтты.

Белгілі болғандай, әйелді тек үшінші жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізіпті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847631-virustan-kz-zmgan-jelmen-bajlanysta-bolgandardy-synama-ntizeleri-sykty/

pixel