Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы облысында тағы екі адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 193 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жедел штаб өкілдері коронавирустық инфекция бойынша соңғы деректерді келтіріп өтті. Соған сәйкес, Алматы облысында жаңа вирусқа шалдыққандар саны төрт адамға жетті.

Жалпы, Қазақстан бойынша қауіпті инфекцияны жұқтырудың 193 оқиғасы тіркелген. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда – вирус 107 адамнан анықталған.

Бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 41 оқиғасы тіркелгенін жазғанбыз.

Қазіргі уақытта өңірлер бойынша жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтанда – 107 оқиға,

Алматыда – 57 оқиға,

Қарағандыда – 4 оқиға,

Жамбыл облысында – 3 оқиға,

Атырау облысында – 4 оқиға,

Ақмола облысында – 5 оқиға,

Шымкентте – 2 оқиға,

Шығыс-Қазақстан облысында – 2 оқиға,

Алматы облысында – 4 оқиға,

Ақтөбе облысында – 1 оқиға,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 оқиға,

Павлодар облысында – 1 оқиға,

Маңғыстау облысында – 1 оқиға,

Қызылорда облысында – 1 оқиға.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Марқұммен тікелей байланыста болған тағы жеті адам Алматы облысынан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847642-almaty-oblysynda-tagy-eki-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel