Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа вирусты жұқтырғандар саны 204 адамға жетті

Опубликовано:

Жедел штаб өкілдері келтірген соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанның екі ірі қаласында коронавирус жұқтырудың тағы 11 оқиғасы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жедел штабтың ақпарынша, жаңадан анықталған 11 оқиғаның оны – Нұр-Сұлтанда және біреуі – Алматыда тіркелген.

Осылайша, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясы 204 адамнан анықталып отыр.

Бұған дейін Алматы облысында жаңа вирусқа шалдыққандар саны төрт адамға жеткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бүгін таңертең елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 41 оқиғасы тіркелгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта өңірлер бойынша жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтанда – 117 оқиға,

Алматыда – 58 оқиға,

Қарағандыда – 4 оқиға,

Жамбыл облысында – 3 оқиға,

Атырау облысында – 4 оқиға,

Ақмола облысында – 5 оқиға,

Шымкентте – 2 оқиға,

Шығыс-Қазақстан облысында – 2 оқиға,

Алматы облысында – 4 оқиға,

Ақтөбе облысында – 1 оқиға,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 оқиға,

Павлодар облысында – 1 оқиға,

Маңғыстау облысында – 1 оқиға,

Қызылорда облысында – 1 оқиға.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Марқұммен тікелей байланыста болған тағы жеті адам Алматы облысынан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847646-kazakstanda-zaa-virusty-zktyrgandar-sany-204-adamga-zetti/

pixel