Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда 10 науқас коронавирустан жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы онлайн-брифинг барысында бұған дейін коронавирусқа шалдыққан он науқастың бүгін стационардан шығарылатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін, 28 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирустан жазылған он науқас ауруханадан шығарылады.

Содан соң олар екі апта бойы үйлерінде карантинде жатады. Айта кетейік, стационардан шығару туралы шешім қабылданбас бұрын науқастар екі рет тексеруден өткізілді.

Жалпы, соңғы екі күнде елордада инфекция жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркелген.

Бір адам шетелден келген, онымен байланыста болған тұлғалар анықталуда.

Сондай-ақ жедел штаб өкілдері келтірген соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанның екі ірі қаласында коронавирус жұқтырудың тағы 11 оқиғасы анықталды.

Жаңадан анықталған 11 оқиғаның оны – Нұр-Сұлтанда және біреуі – Алматыда тіркелген.

Осылайша, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясы 204 адамнан анықталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Марқұммен тікелей байланыста болған тағы жеті адам Алматы облысынан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 10 науқас коронавирустан жазылды