Выйти
RU

Вирустан алғашқы өлім тіркелген Қосшы ауылында бір отбасы инфекция жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустан алғашқы өлім тіркелген Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылында 4 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Ілиясов брифинг барысында 28 наурыздағы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қосшы ауылында коронавирус жұқтырудың 4 оқиғасы тіркелгенін атап өтті.

Олардың арасында 64 жастағы әйел адамның вирустан көз жұмғаны белгілі.

Ауруды жұқтырғандар арасында үш адамнан тұратын отбасы бар: 1949 және 1954 жылғы ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың 1990 жылғы ұлдары.

Олардың инфекцияны Нұр-Сұлтанда тұратын туысынан жұқтырғаны белгілі болды. Аталған отбасы мүшелері елордада тіркелген. Олар Ақмола облыстық туберкулезға қарсы диспансердің жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайлары тұрақты.

Аталған отбасымен байланыста болғандардан сынамалар алынуда.

Айта кетейік, жалпы, соңғы екі күнде елордада инфекция жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркеліп отыр.

Сондай-ақ елорданың денсаулық сақтау басқармасы онлайн-брифинг барысында бұған дейін коронавирусқа шалдыққан он науқастың бүгін стационардан шығарылатынын мәлім етті.

Ал Қазақстан бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирустан алғашқы өлім тіркелген Қосшы ауылында бір отбасы инфекция жұқтырды