Выйти
RU

Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

22 наурыздан бері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары толығымен оқшауланып, блок-бекеттер арқылы арнайы рұқсаты бар белгілі бір адамдар категориясы ғана өткізілуде. Дегенмен, бұл бекеттерді айналып өтіп, заңсыз әрекеттерге баратындар да жоқ емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Осы орайда Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды деп жазды Polisia.kz.

Жеке такси жүргізушілері такси қосымшаларына жарнама берген және адамдарды аймақтан қалаға заңсыз тасымалдаған.

Жүргізушілер оңай ақша табу жолында бұзақылыққа барғандарын мойындаған. Айтуларынша, осы күндері жолаушылар тасымалы бірнеше есе қымбаттады.

“Өз жарнамаларында олар бір адамды бес мың теңгеге қалаға алып кіретіндерін және қаладан шығаратындарын жазған. Бұл “бұзақылар” айналма жолды білді және арнайы сызба жасады: олардың біреуі жолаушыларды бір жақтан алып, айналма жолда белгілі бір жерге алып барады, сол жерде, жоспар бойынша, олардың клиенті басқа такси жүргізушісіне дейін сәл жүріп баруы керек, ол такси өз кезегінде жолаушыны мекен-жайына дейін жеткізеді.
Мұндай сызба екі жақта да жұмыс жасады. Екі жүргізуші бір-біріне туысқан болып келеді және Алматы облысында тұрады. Айыпталушылардың анықталуы мен ұсталуы Алматы қаласындағы ҰҚК қызметкерлерінің және полиция департаментінің өзін-өзі қорғау басқармасының көмегімен жүзеге асырылды”, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдайды бұзу) бойынша хаттамалар жасалды. Жинақталған материалдар айыппұл түрінде немесе әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығаратын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерді заңсыз өтпек болғандардың қатаң жазаланатынын ескерткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды