Выйти
RU

Абаев – қазақстандықтарға: Жұмыс, бизнес, несие туралы алаңдамаңыздар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн-брифинг барысында Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты соңғы жаңалықтармен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

"Инфекция жұқтыру қарқыны тез өсуде. Бір түн ішінде 40-тан астам оқиға – бұл елеулі көрсеткіш.
Жалпы, науқастармен байланыста болған тұлғалар – 6 мыңнан астам. Асыра айтпаймын, қазір инфекцияның таралу ауқымы едәуір өсуі мүмкін кезеңде тұрмыз.
Вируспен күресте біз азаматшамыздан айырылдық. Бұл барлығымыз үшін сабақ болуы тиіс.
Көзге көрінбейтін белгілермен-ақ ауруды таратушы бола аласыз. Қазір ең тиімді вакцина – карантинді сақтау.
Баспаналарыңыздан шықпауларыңызды сұраймыз. Ауруды жұқтыру қаупі кез-келген жерде тууы мүмкін. Қонақта, лифтіде, кезекте.
Тек өткен тәулік ішінде ТЖ тәртібін бұзған үшін 270 адам жауапқа тартылды. Немқұрайлықтың кесірінен науқастарға жататын орын жетпей қалуы мүмкін.
Жұмыс, бизнес, несие туралы алаңдамаңыздар. Мемлекет барлығына көмектеседі. Бүгін үкімет қорынан 14,7 миллиард теңге бөлінді. 21,4 миллиард теңге жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бөлінді.
Салықтық тексерістер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау тоқтатылған", – деп түйіндеді Абаев.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Абаев – қазақстандықтарға: Жұмыс, бизнес, несие туралы алаңдамаңыздар