Выйти
RU

"Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны елде төтенше жағдай енгізіліп, бірқатар шектеулер қойылғанына қарамастан үйінде беташар рәсімін өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Желіде пайда болған видеоның кадрларынан мерекелік шараға біраз адамның қатысқанын байқауға болады.

Төтенше жағдай кезінде беташар рәсімін өткізгені үшін ер адам жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамауға алынды деп жазды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, беташар рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеу керектігі туралы ескертті.

Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Елімізде аталған режим енгізілгелі бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескертіліп, бес адамға әкімшілік жаза қолданылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды (видео)