Выйти
RU

Шымкентте вирус жұқтырған науқастың жеке мәліметтері тарап кеткен: тергеу жүріп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Шымкентте коронавирусқа шалдыққан алғашқы науқастың жеке мәліметтері желіде тарап кеткенін растады. Бұл іске кінәлілер жазалануы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Министр елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды баяндады. Оның айтуынша, бір түн ішінде инфекцияға шалдыққандар саны 40 адамға өскен.

Осылайша, Қазақстан бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

БАҚ өкілдері министрден науқастың жеке мәліметтерінің таралу ісі бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

"Шымкенттің полиция департаменті коронавирус инфекциясымен ауырған адамның жеке деректерін әлеуметтік желіде тарату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді Абаев онлайн-брифинг барысында.

Осы бап бойынша кінәлілер жеті жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін елде төтенше жағдай енгізіліп, бірқатар шектеулер қойылғанына қарамастан үйінде беташар өткізген Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны қамауға алынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте вирус жұқтырған науқастың жеке мәліметтері тарап кеткен: тергеу жүріп жатыр