Выйти
RU

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 208-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды және Атырау облыстарында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққан адамдардың саны 208-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сoronavirus2020.kz мәліметінше, коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам, Қарағанды облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам тіркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 5 адам, Атырау облысында - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 208 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 208-ге жетті