Выйти
RU

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының жеті оқиғасы тіркелген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді. Коронавирусқа тест жасаған жергілікті тұрғыннан инфекция анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Қарағандыда коронавирус жұқтырудың үш жаңа оқиғасы тіркелді. Пациенттер – әйелдер. Олар бұған дейін карантин госпиталіне орналастырылып, сол жерде жатқан.

Сыртқы ортамен байланыста болмаған. Осылайша, бүгінде Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған жеті адам тіркелді. Барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық.

Cоңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының жеті оқиғасы тіркелген