Выйти
RU

Атырау облысында коронавирус жұқтырған науқас аурухана қызметкері болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес науқастың бірі медицина саласының қызметкері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда "Алматы-Атырау" рейсімен келген қыздан анализге қан алған.

Бүгін жергілікті тұрғын жасаған тестінің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды. Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды.

Cоңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында коронавирус жұқтырған науқас аурухана қызметкері болып шықты