Выйти
RU

Алматыда коронавирустан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус инфекциясынан жазылған тағы екі адам ауруханадан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Бүгін ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасынан екі ер адам емделіп шықты. Біреуі 1962 жылғы ер адам. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы бағытындағы чартерлік рейспен келген. Екіншісі – 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген 1995 жылғы азамат", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі уақытта қалада бес пациент жазылып шықты, олардың бірі 12 жастағы жасөспірім.

Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.

Cоңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шықты