Выйти
RU

Пандемия: Италияда 10 мыңнан аса адам көз жұмды, Нью-Йорк карантинге жабылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты деп мәлімдеді Джонс Хопкинс университеті. Ауырғандардың көп бөлігі АҚШ-та. Науқастар саны бойынша Қытайды басып озған Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 100 мыңнан асып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пандемия: Италияда 10 мыңнан аса адам көз жұмды, Нью-Йорк карантинге жабылуы мүмкін

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде коронавирустан 28,8 мың адам қайтыс болды, 135,7 мың адам жазылып шықты.

Италияда коронавирус құрбандары 10 мыңнан асады.

Соңғы тәуліктің өзінде туристердің сүйікті елінде 889 науқас көз жұмды, ал жалпы өлім көрсеткіші 10023-ке жетті. Италия ұлттық денсаулық сақтау институты коронавирус жұқтыру дерегі азаймаса, мемлекет карантин шараларын ұзартатынын мәлімдеді.

Нью-Йоркте карантин енгізіле ме?

Нью-Йорк штатында коронавирус жұқтырғандар саны 52 мыңға жетті. Бұл АҚШ-та COVID-19 инфекциясына шалдыққандар көрсеткішінің жартысын құрап отыр. Сенбі күні Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп коронавирус тарауының алдын алу үшін Нью-Йоркті карантинге жабу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Ал Нью-Йорк штаты губернаторы Эндрю Куомо аталған шараларды президентпен талқыламағанын алға тартты. Оның сөзінше, мұны заң тұрғысынан қалай жасауға болатыны түсініксіз. АҚШ-та коронавирустан 1700-ден аса науқас қайтыс болды. Осыған дейін пандемияға байланысты президент карантин шараларынан жұмысынан айырылғандар мен уақытша қызметі тоқтағандарға қаржылық көмек көрсету үшін 2,2 трлн доллар сомадағы экономикалық шаралар пакетіне қол қойды. Бұл ел тарихындағы ең көлемді пакет болып отыр.

Бүгінде коронавирус жайлаған Нью-Йорк, Жаңа Орлеан, Детройт және басқа да ірі қалаларда медицина қызметкерлері мен дәрі-дәрмек жетіспеуде.

Испания

Испания Еуропада коронавирус жұқтыру бойынша екінші орында тұр. Елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны соңғы тәулікте 832- ге артты, ал жалпы өлім саны 5 690 адамды құрап отыр. Ал жалпы Испанияда коронавирус жұқтырудың 72 248 дерегі тіркелді. Аталған мемлекетте көз жұмғандар емес, аурудан айыққандар саны да көп. Соңғы тәулікте елде дертті 2928 адам жеңіп шықты, бұл жұмадағы көрсеткіштен 31 пайызға жоғары. Қазір Испанияда жалпы жазылғандар саны 12 285 адам.

Британиядағы қайғылы жағдайлар

Британияда COVID-19 жұқтыру дерегі әр 3-4 күн сайын, ал қайғылы жағдай 2-3 күн сайын тіркелуде. Сенбі күні тағы 260 адамның қайтыс болғаны анықталды. Осылайша, елде коронавирустан көз жұмғандар саны 1019 -ға жетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Британияда індетті 17089 адам жұқтырған. Осы демалыста Британияда Денсаулық сақтау ұлттық қызметі қызметкерлері жаппай коронавирус тестілеуінен өтеді. Айта кетейік, жұма күні 55 жастағы британиялық премьер-министр Борис Джонсонның және 41 жастағы денсаулық сақтау министрі Матта Хэнкоктың COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Екеуі де үйде оқшауланып жатыр.

Қытайдағы ахуал

Пандемия тұтанған Ухань қаласы болса, екі айлық карантиннен кейін қалыпты өмірге оралып келеді. Сенбі күні көптеген жолаушы қалалық темір жол вокзалына келді. Анықталғандай, адамдарға қалаға кіруге рұқсат, бірақ сыртқа шығуға әлі де тыйым салынады. Бұл шектеу шаралары әлі екі аптаға жалғасады. Қалада көлік қозғалысы да қалыпқа келген. Айта кетейік, Ухань қаласында коронавирус жұқтырудың 50 мың дерегі тіркеліп, 3 мыңнан аса адам қайтыс болған еді. Ал қазір ауру жұқтыру дерегі бірден азайған. Жұма күні басқа қаладан келгендерден 54 жаңа диагноз анықталды. Қытай коронавирусты қайта болдырмау үшін барлық шетелдік азаматтарға елге кіруге тыйым салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пандемия: Италияда 10 мыңнан аса адам көз жұмды, Нью-Йорк карантинге жабылуы мүмкін