Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы екі медициналық орталық карантинге жабылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Мейірім" медициналық орталығы мен Ұлттық онкологиялық орталық карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Аталған медициналық орталықта жатқан 3 жолаушыдан коронавирус анықталған. Қазіргі кезде науқастармен байланыста болғандар карантинге жабылды. Пациенттерге кіруге қатаң тыйым салынды.

Айта кетейік, күні кеше оңтүстік астанада коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 229-ға жетті.

Сoronavirus2020.kz сайтының мәлітінше, 29 наурыз 00:50-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 60 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 229 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847718-nr-sltandagy-eki-medicinalyk-ortalyk-karantinge-zabyldy/

pixel