Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея Жапонияға қарай екі зымыран ұшырды

Опубликовано:

Жексенбі күні Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай жақын қашықтықтағы екі баллистикалық зымыранды ұшырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: zi.dn.ua
Көрнекі фото: zi.dn.ua: Instagram

Жапония қорғаныс министрлігі екі снарядтың шығыс жағалауынан солтүстік-шығыс бағытта сағат таңғы 6:10-да ұшырылып, теңізге құламас бұрын Жапонияның жағалаудағы экономикалық аймағының сыртындағы нүктесінде 250 метрдей жерге ұшқанын мәлім етті.

Осы ай басталғалы Солтүстік Корея АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің баллистикалық зымырандар технологиясы қолданылатын кез келген ұшыруға тыйым салғанына қарамастан, снарядтарын кезекті рет ұшырды.

Жапония үкіметінің хабарлауынша, 2 және 9 наурызда Солтүстік Корея шығыс аудандарынан ұшырылған снарядтар - шағын қашықтықтағы баллистикалық зымырандар. Сонымен бірге, 21 наурызда Солтүстік Корея батыс ауданынан екі баллистикалық зымыран ұшырған.

"Біз Солтүстік Кореяның әлемдік қауымдастыққа неге қарсы шығып жатқанын мұқият талдаймыз", - деп мәлімдеді жексенбі күні таңертең Жапонияның Қорғаныс министрі Таро Коно.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты деп мәлімдеді Джонс Хопкинс университеті. Ауырғандардың көп бөлігі АҚШ-та. Науқастар саны бойынша Қытайды басып озған Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 100 мыңнан асып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847727-soltstik-korea-zaponiaga-karaj-eki-zymyran-syrdy/

pixel