Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда коронавирус жұқтырған студенттің Алматыдан келгені анықталды

Опубликовано:

29 наурыз күні Қазақстанда коронавирустың жаңа 22 дерегі расталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 251-ге жетті. Бүгін тіркелген науқастардың бірі - Атырау облысының тұрғыны. Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы алтыншы науқас жайлы тың дерек ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Атырауда індетке шалдыққан науқас 20 жастағы студент болып шықты. Ол 17 наурызда Алматыдан "Алматы-Атырау" рейсімен ұшып келген.

Ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес оқиғасы туралы хабарланған болатын. Бүгінде ауруға шалдыққан адамдардың барлығы ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты деп мәлімдеді Джонс Хопкинс университеті. Жаңа вируспен ауырғандардың көп бөлігі АҚШ-та. Науқастар саны бойынша Қытайды басып озған Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 100 мыңнан асып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, дүние жүзі бойынша коронавирустан 28,8 мың адам қайтыс болды, 135,7 мың адам жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847738-atyrauda-koronavirus-zktyrgan-studentti-almatydan-kelgeni-anyktaldy/

pixel