Выйти
RU

Әлемде бір тәулік ішінде 3621 адам коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті.

Бұл дерттен сауығып кеткендер саны 145586. Дертінен айыққандар соңғы бір тәулікте 10868-ге өсті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 22 адам тiркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 251- ге жетті.

Аталған ақпарат Қазақстандағы коронавирус жайлы ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді",- делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде бір тәулік ішінде 3621 адам коронавирустан көз жұмды