RU

Қарағанды облысы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысына 30 наурыздан бастап карантин енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысы карантинге жабылады

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға байланысты Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларына 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин енгізіледі.

"Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, мен келесі қалаларда карантин енгізу туралы Қаулыға қол қойдым: Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай, Теміртау. Қазіргі уақытта коронавирус ауруының 7 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы Қарағандыда анықталды. Бірақ, серіктес қала тұрғындарының 25%-ы Қарағандыға жұмысқа және басқа да істерге келгенін ескере отырып, осы қалаларда коронавирусты одан әрі таратуға жол бермеу үшін карантин қабылданды", - деді Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров.

Сондай-ақ, Қаулымен карантин аймағының талаптарын орындау үшін шаралар белгіленген. Олар 30 наурыз 00.00 сағаттан бастап, яғни жексенбі түнде енгізіледі.

Қарағандылықтар алдында қала әкімі Нұрлан Әубәкіров те сөз сөйледі. Ол 30 наурыздан бастап күшіне енетін қосымша қауіпсіздік шаралары туралы айтты.

"Біріншісі - азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі. Екіншісі - 65 жастан асқан адамдарға үйден шығуды шектеу ұсынылады. Үшіншісі – халықтың жаппай жиналатын орындары - саябақтар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер көшелері, ойын алаңдары және т.б. жабылады. Төртінші – бизнес-орталықтардың жұмыс режиміне шектеу енгізіледі - сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, олардың жанындағы қоғамдық тамақтану пункттерінің қызметі уақытша тоқтатылады. Бесінші – барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыс күнін екі сағатқа қысқарту ұсынылады", - деп хабарлады қала әкімі.

Бұдан басқа, алаңы 2000 шаршы метрден жоғары объектілердің және азық-түлік емес тауарларды сату жөніндегі барлық объектілердің қызметі тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар жабылады. Сұлулық салондары, қоғамдық моншалар мен сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатады.

"Бүгінгі таңда 7 жұқтыру оқиғасы анықталды, оның ішінде 4-уі сырттан әкелінген және ауырғандардың үшеуі - біздің облыс тұрғындары. Барлық пациенттер эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып оқшауланған және емдеу курсынан өтеді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Қажетті дәрі - дәрмектер толық көлемде бар", -деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Шәкіров.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, бюджеттік қаражатқа 7 сәуірде облысқа түсетін экспресс-тест партиясы сатып алынуда. Тестілеу клиникалық көрсеткіштері болған жағдайда аумақтық емханаларда тегін жүргізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады