Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласы аумағына 30 наурыздан бастап карантин жарияланады

Опубликовано:

Атырау қаласы аумағына 30 наурыздан бастап карантин жарияланады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.

"Коронавирустың таралуына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, ертең Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады.
Қызмет көрсету секторының қызметі (сұлулық салондары, моншалар және т.б.) Жабық құрылыс базарлары, сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып қызметін тоқтатады. Балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді. Коммуналдық қызметтер, жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтері шектеусіз жұмыс істейді. Толығырақ бүгін жарияланады. Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер онлайн режимінде қол жетімді. Әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі",- делінген хабарламада.

Одан бөлек, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап коронавирустық инфекцияға байланысты Қарағанды облысындағы Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларына карантин енгізіледі.

Айта кетейік, коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Алматы қаласында - 3 адам.

Аталған ақпарат еліміздегі коронавирус жағдайын бақылайтын coronavirus2020.kz сайтында белгілі болды.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді", -делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847760-atyrau-kalasy-aumagyna-30-nauryzdan-bastap-karantin-zarialanady/

pixel