Выйти
RU

Абаев: Коронавируспен күресу үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 1 трлн-ға артты. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл мәлімдеме дұрыс болмады, сол себепті кешірім сұраймын", - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа төрт дерегі тіркелді. Елімізде науқастар саны 271- ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Абаев: Коронавируспен күресу үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінеді