Выйти
RU

Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан қарағандылық жеті жылға сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқан Жезқазған қаласының тұрғыны жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

27 наурызда "WhatsApp" мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Жезқазған қаласында үш адам коронавирусты жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан әйел анықталды.

"Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейді, ҚК 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату). Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды", - деді ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған қауесеттер мен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана негізделу қажет. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осындай қылмыстарды жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Айта кетейік, Алматы облысында мектеп мұғалімдері Өтеген батыр кентіне баратын көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан қарағандылық жеті жылға сотталуы мүмкін