Выйти
RU

Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"28 наурыздағы жағдай бойынша, ауру жұқтырғаны расталғандар саны 3000-ға азайған. Қытай территориясында эпидемияның таралуы толық тоқтады", - деді Мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн брифингте.

Еске салсақ, бүгінгі мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті.

Бүгін, 29 наурыз күні елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 271-ге жетті. Қазақстанда қауіпті індет дерегі тек екі өңірде, Қостанай және Түркістан облысында тіркелген жоқ. Коронавирустың алдын-алу мақсатында Қостанай облысы 31 наурыздан бастап өз есігін жаппақ.

Коронавирустық инфекцияға байланысты Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларына 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин енгізіледі.

Сондай-ақ, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады