Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан 5 күн ішінде 10 мың орындық карантин орталығын салып шықты (видео)

Опубликовано:

Өзбекстанның Ташкент облысында COVID-19 инфекциясының таралуымен күресу үшін 10 мың адамға арналған карантин аймағы жедел түрде салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан 5 күн ішінде 10 мың орындық карантин орталығын салып шықты (видео)
Фото: Өзбекстан құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі: UGC

Бүгінде орталық өз жұмысын бастап кетті және Мәскеу мен Дубайдан чартерлік рейстермен келген алғашқы 650 өзбек азаматтарын карантинге қабылдады.

Бұған дейін 55 гектар алаңда карантиндік аймақты бес күн ішінде салу жоспарланып отырғаны хабарланған еді. Үй-жай ретінде үш адамға есептелген контейнерлер қолданылады. Әрқайсысында кондиционер, санузел, душ және теледидар қойылған.

Еске сала кетсек, 15 наурызда Өзбекстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелгені хабарланды. Ол Ташкентке Франциядан келген.

Сондай-ақ, 25 наурыз күні Өзбекстанда 11 дәрігердің коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

Айта кетейік, еліміздегі соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 284-ке жетіп отыр. COVID-19 инфекциясы анықталған тағы бір адам Ақтөбе облысында тіркелген.

Сонымен қатар, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылады. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847808-zbekstanda-5-kn-isinde-10-my-orynga-arnalgan-karantindik-ortalyk-salyndy/

pixel