RU

Алматы облысында коронавирус анықталған әйел адам Өзбекстаннан тойдан келген

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, бірінші жағдайда инфекция Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйел адамнан анықталған.

Пацинет Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Онымен қарым-қатынаста болған 8 адам, соның ішінде өзінің күйеуі мен 2020 жылғы нәрестесі карантинге алынған.

Екінші жағдай Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. 60 жастағы әйел адам туыстарымен бірге Өзбекстанның тойдан келген. Олар көрші елге өздерінің шағын автобустарымен барған.

"14 адамның Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызылған. Соның ішінде 60 жастағы әйел адамнан вирус анықталды. Қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде", - делінген хабарламада.

29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 6 адамға жетті. Ал соңғы мәліметтерге сәйкес жалпы ел аумағында коронавирус 284 адамнан анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847817-almaty-oblysynda-koronavirus-anyktalgan-jel-adam-zbekstannan-tojdan-kelgen.html